"Заманауи әлемде елдің қуаты ең
алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді" Н. Назарбаев

"Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен
біліміне қарай бағалауымыз керек" Уинстон Черчилль

"Ұлым саған айтайын өсиетін дананың:
Білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым." Махмұд Қашқари

Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман

Бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын заман.

Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді.

Біздің мектеп

Мектеп тарихы

«Тарихты - білмей, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын»

Адамзаттың осы жүріп өткен ұзыннан-ұзақ өмір жолы тарих деп аталатыны белгілі. Әрбір тарихи кезеңде өмірге келген жаңа ұрпақ өзінен бұрын өмір сүрген ата-баба тарихын зерттеп білуге, содан өзіне сабақ алуға үнемі ұмтылып келеді. Ол үшін қандай тарихи оқиғалар қашан болды, ол кезеңде қандай тарихи тұлғалар өмір сүрді, олардың басынан кешкен тарихтан бізге үлгі - өнеге болар не бар деген сұрақтарға жауап іздейді.

Әбу - Насыр Әл-Фараби айтқандай: «Тарихты - білмей, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын». Осы дана сөздерін ескере отырып біз де өз ауылымыздың тарихын және Қарашық қалашығының тарихын білуді өз алдымызға мақсат етіп қойдық. Біздің өлкеміздің өзіне лайық тарихы бар. Өлкеміздің тарихи жерлерінде көптеген төбелер кездеседі. Әрбір төбенің өзіне лайық тарихы бар.

Біз осы мақсатқа орай «Жас археологтар» ұйымын құрып, көптеген табыстарға қол жеткіздік. Қытай жазбаларында Кангюидің «Шы» деген қала туралы дерек бар. Онда: «Шы» келесі Кюша /Гейшуана/ Думо өзенінің оңтүстігінде жатыр. ХХ ғасыр басында осы Кангюй проблемасымен айналысқан зерттеуші Броников «Шы» қаласы мен Сусе хандығының бір екендігін жазған. Сусе иелігінде Түркістаннан өзге Сусе-Сухо-Шыға сай келер қала жоқ. Қытай жазбаларында «Шы» иелігінің орталығы Думо өзенінің оңтүстігінде он ли жерде, корғанның аумағы екі ли», -деп жазылған. Түркістан қаласының жағрафиялык жағдайын ескерер болсақ, онда мынаны байқаған болар едік. Түркістан қаласының солтүстігінде бірнеше шақырым жерде Қарашык өзені ағып жатыр, ал қаланың оңтүстік батысында көне Шавгар қаласының орны «Шойтөбе» бар. Қытай жазбаларында Думо өзені казіргі Қарашық өзеніне, орталығы Шойтөбе-көне Шавгар қаласы сай келетінін көреміз. «Шы» сөзінің қазақша аудармасы -тас. Ал Шухоцев «Шавгар» сөзінің Қаратау деген мағынаны беретінін айтады.

К.Миллер, А.Герман, Х.Хасанов, Т.Чороев сияқты ғалымдар «Қарачук» сөзініңде «Қаратау»деген мағына беретіндігін айтады. Ал Молла Мұхаммед Садық Сапарбекұлының «Түркістан баяны» атты қолжазбасында Қожа Ахмет Яссауидің « Қырық қақпалы Қарашық Азим қаласына келгендігі» жазылады. Бұдан араб-парсы жазба деректеріндегі «Шабғар»қаласының түрікше аты Қарашық екенін көруге болады. «Шабғар» сөзінің мағынасына байланысты В.Шуховцовтың пікірінің дұрыстығын деректер де айғақтап отыр. Бұл жерде қытай жазбаларындағы «Шы-мен» мағынасының байланысы бар екенін көруге болады. Осыған байланысты мынадай тізбек құруға болады; «Шы-Шавгар-Қарачук».

Мектеп хронологиясы

1930 жылдары жаңа үлгідегі мектептің іргетасы қаланды
1934 жылы бастауыш білім беретін мектеп ашылды
1959 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді
1972-1973 оқу жылында сегіз жылдық мектеп деп аталды
1976 жылы мектеп осы ғимаратқа көшіп өтті
1999-2000 оқу жылында орта мектепке айналды
2009-2010 оқу жылында жалпы орта мектепке айналды

"Алтын алма, білім ал."

Мектеп төлқұжаты

Мектепті салынған жылы 1976 (1-ғимарат)
2015 (2-ғимарат)
Мекен-жайы ОҚО Түркістан қаласы Жүйнек ауылы Шыпан елді мекені Байқоңыр көшесі №14
Мектеп директоры Абенов Рахматулла
Оқу ісі жөнінде директор орынбасары Бабатаев Эльбрус
Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі және тәрбие жөнінде директор орынбасары Кишибаева Зульфия
Тәрбие ісі жөнінде директор орынбасары Мамитов Ахат
Сабақтың оқытылуы өзбек, қазақ тілдерінде
Сабақтың жүргізілуі 2 ауысымда
Жалпы педагогтар саны 64
Жоғары білімді 63
Орта арнаулы білімді 1
Жоғары санатты 11
І санатты 18
ІІ санатты 25
Санаты жоқ 10
Жалпы оқушылар саны 481
Шағын орталық 40
МАДТ 60
1-4 сыныптар 180
5-9 сыныптар 227
10-11 сыныптар 74

Жаңалық блогы

TALIS халықаралық зерттеуіне қатысты

17.03.2018ж

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

19.03.2018ж

«Тест білгірі».
«Шыпан» жалпы орта мектебі үздік нәтижеге қол жеткізді

31.03.2018ж
Барлық жаңалықтар
Icon | Feedback
Preloader