Blogs

Менің Қазақстаным

Менің – Отаным Қазақстан. «Отан оттан да ыстық» демекші, әрбір адам үшін Отанның орны жанұясы, жақын туыстары секілді ыстық. Отан десе, әрбір адамның бойында намысшылдық, мақтаныш және патриоттық сезімі лаулап тұру керек.

Менің Отаным – Қазақстан. Менің туған жерім – Қазақ жері екеніне мен мақтанышпен айта алам. Себебі, Қазақстан әлем бойынша жер көлемі жағынан тоғызыншы орында, біз көпұлтты мемлекетте тұрамыз, бірақ соған қарамастан біз бейбітшіл халықпыз. Қаншама әлемдік деңгейдегі іс -шаралар біздің елде де өтіп жатыр. Ал, ең бастысы біз тәуелсіз елміз.

Қазақстан тәуелсіз ел болу үшін не істемеді десеңші?! Қаншама адамдардың басынан соғыста, аштықта,зомбылықта өтті. Расында, қаншама батырларымыз осы үшін тер төкті, жандарын берді. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырларымыздан, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова сынды ақын-жазушыларымыз, батырларымызға дейін тәуелсіздікті алу көзделді. Осы бір қыстың аяз кезінде қаншама адамдар тәуелсіздікке жету үшін жандарын беруге дайын болды. Осыған орай Мұхтар Шаханов:

«Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер.
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...»

- деген осы бір шумақтардан сол бір кездегі жастардың жағдайын көре аламыз. Қаншама жастар өз ойларын айтқаны үшін кінәлі болды ма?

Бұл халықтың есінен кетпейтін ең бір қатігез ауыр күндер болды. «Ер өлсе де - аты өлмейді» демекші, біздің қаншама батырларымыздың ерліктері тарих бетінде ерекше орын алады. Осылайша, біз 1991 жылы 16 желтоқсанда қаншама уақыттан кейін тәуелсіз мемлекет болып аяқ бастық. Қорытындай келе, Қазақстан қазіргі таңда заманауи, гүлденген мемлекеттердің біріне айналды. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақал бар. Расында, туған жерді құрметтеу әркімнің парызы. Себебі, бұл жер оны өткенімен, қазіргі таңымен және болашағымен байланыстырады.

Балалардың тамағына арналған идеялар.

Балаңызды немен тамақтандыру керектігі туралы ойландыңыз ба? Қандай тамақ дәмді болып қоймай, барлық қажетті сіңімді заттарды құрайды? Біздің кеңестерімізді оқыңыз!

Енді, Сіздің балаңыз қатты тамақ жей бастағанда, Сіз оған пайдалы өнімдерден дайындалған теңгерімді мәзірді қалай таңдауға болатынын шешуіңіз тиіс. Мәселенің басын ашып алайық.

Кішкентай балаларға күніне бес немесе алты рет тамақ жеу қажет. Сондықтан, үлестері өте кішкентай болу керек. Жейтіндері кішкентай болса, дайындау оңайырақ деп көрінуі мүмкін. Дегенмен, бірнеше нәрсені ескерген жөн.

Сақтану керек өнімдер
Бала қатты тамақты жей бастағанмен, кейбір өнімдерді жеу ол үшін бұрынғыша тыйым салынғанын есте сақтаңыз. Олар:

• Сосискалар
• Жүзімнің бүтін жидегі және черри қызанақтары
• Карамель мен драже кәмпиттер
• Жаңғақтар
• Попкорн
• Шикі сәбіз, балдыркөк, көк бұршақ пен басқа да қатты өсімдіктер
• Тұқымдар (мысалы, асқабақ немесе күнбағыс тұқымдары)
• Тамақтың ет және картоп сияқты кез келген үлкен кесектері
Шырын қауіпті ме?
Шырынды аздап беруге болады, бірақ шамадан тыс бермеңіз. Әдеттегідей, онда қант көп. Одан басқа, ол баланың тәбетін түсіріп, пайдалы өнімдердің орнын алып қоюы мүмкін. Міндетті түрде қаптамада көрсетілген құрамын зерттеп шығыңыз, ал ең дұрысы сатып алынатын шырынды, қолдан сығылған жеміс шырынына алмастырған жөн.

Жасына қарай мәзір дайындаймыз
1 жастағы сәбиге:
• Жұмыртқа теңгерімді тамақтанудың жақсы көзі болып табылады, бірақ ол баланың аллергиясын шығармайтынына көз жеткізіңіз.
• Жас жемістер – құтыдағы шырынның тамаша алмастырғышы. Балаңызға жас шабдалының немесе жұмсақ бананның аздаған бөлігін беріп, оның қалай рахаттанып жейтінін көріңіз. Алма езбесі де бала үшін өте жақсы тағам болады.
• Кальций көзі ретінде ірімшіктің тілімдері немесе сүзбе.
• Пісірілген көкөністер – сәбіздің, бұршақтың және картоптың кесектерін араластырып беріңіз.

18 айлық сәбиге:
Негізгі тағамдарымен бірге мыналарды беруге болады.
• Тұздалмаған крекерлер
• Піскен банан тіліктері
• Жержаңғақ майы немесе сарымай жұқалап жағылған қақталған нан
• Ірімшіктің тілімі
• Тұздалмаған күріш нан

2 жастағы бөбекке:
Баланың дәрумендер мен сіңімді заттарды жеткілікті түрде қабылдауын қадағалаңыз:
• Жұмыртқа темірдің және ақуыздың қайнар көзі.
• Ірімшіктің тіліктері кальций мен ақуыздың қайнар көзі.
• Картоп езбесі бар балық – кальций мен пайдалы көмірсулардың керемет үйлесімі.
• Тұздалмаған қытырлақ нан. Дәнді дақылдардан жасалаған кез келген өнімдер – В тобы дәрумендерінің көзі.
• Жас жемістердің тілімдері.
• Брокколи мен гүлді қырыққабат. Оларды білдірмей езбеге қосып жіберуге болады.
• Қақталған жеміс-жидектер.

3 жастағы сәбиге:
3 жаста сәби өте белсенді болып, орнын толтыруды қажет ететін көп қуат жұмсайды. Әрине, оның мәзірі қатты өзгермейді. Бірақ тағы бірнеше кеңеске құлақ түріңіз:
• Жеміс коктейльдері – бұл тек дәмді ғана емес, стақанға түтікше салып қойсақ, өте көңілді де болмақ.
• Бутербродтар жасауға арналған тунец және арқан балықтан жасалған паста.
• Печенье: күріштен және сұлыдан жасалған печеньені таңдаңыз.

Мектеп жасына дейінгі баланы тамақтандыру:
Құрамында күрделі көмірсутегі көп болатын нан, кекс, крекер, паста және салат секілді өнімдерді таңдаңыз. Тамақ одан да сіңімді болу үшін ақуыз бен майды ұмытпаңыз. Сүт өнімдері бала рационында маңызды орын алуы тиіс, бірақ тым асырып жібермеңіз.

Балаларыңыз әрқашан тоқ әрі сау болсын!

Күйзелістен шығудың алты қадамы

Кейде таныстарымыздан не болмаса туыстарымыздан «Жан дүнием күйзеліп жүр», «Менде стресс», «Депрессияда жүр едім» деген тіркестерді жиі естіп жатамыз. Бұл шаршаудың бір түрі ме әлде ауру ма?

Күйзелістен шығудың алты қадамыАмерикалық ғалымдардың зерттеуінше, өз көңіл-күйінің нашарлауын осылай деп түсіндіретіндердің 30,6%-ын ер азаматтар, 33,3%-ын нәзікжандылар құрайды екен. Сондай-ақ, ғалымдар жасөспірімдер мен балалардың да депрессияға жиі шалдығатынын айтады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша жүрек ауруынан кейінгі екінші орында депрессия тұр. Депрессия – жабығу, торығу, күйзелу деген мағынаны білдіреді. Яғни, күнделікті күйбең тірліктің қамы мен бүгiнгідей экономикалық, рухани дағдарысты уайымдайтын жандардың жүйкелерi жұқарып, күйзеліске ұшырайды. Мамандар жүйкенің сыр беруіне табиғаттың да әсері бар екенін айтады. Айтуларынша, бір ысып, бір суыған ауа райы, күн сәулесінің азаюы «бақыт гормоны» серотониннің өңделуін бәсеңдетеді. Салдарынан адамның көңіл-күйі нашарлап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Көңілсіз ойлар пайда болып, күйзеледі. Осылайша, жүйкесі жұқарғандардың қатары күн сайын толығып жатыр…

Емдік әдістері

Дәрігерлердің күйзеліске шалдыққандарға антидепрессанттарды тағайындайтыны белгілі. Бірақ, егер депрессия дендемеген болса, осы дерттен шын мәнісінде құтылуды діттесеңіз, одан ешқандай дәрі-дәрмексіз-ақ, айығып кетуге болады екен. Оған көне дәуірден бері қанатын кеңге жайып, ХІХ ғасырдан бастап тереңірек зерттеле бастаған бұл дертті ол заманда әуенмен немесе пайдалы тұнбалармен емдегені дәлел.

Психолог-дәрігерлер депрессиядан құтылғысы келетіндерге:
1. Негативті ойлардын аулақ болыңыз. Қоршаған ортаны және өзіңізді сүюді үйреніңіз;
2. Достарыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз;
3. Жиі серуендеңіз;
4. Спортпен шұғылданыңыз;
5. Зиянды әдеттерден бойыңызды аулақ ұстаңыз;
6. Сыртқы келбетіңізге көбірек уақыт бөліңіз, деген ақыл кеңес айтады.

Сондай-ақ, депрессия кезінде:
– Ақтарыла сөйлессе;
– Хат жазса (белгілі-бір мекенжайды көрсетудің қажеттілігі жоқ);
– Өзіне сыйлық жасаса;
– Өзгеге жақсылық жасап, көмектессе;
– Қайғыны ойынан жуып-шайып тастап, қайтып еске алмаса;
– Жақсылық пен жамандық қатар жүретіндігін ұмытпаса;
– Қағаз бен қаламға тек жақсы нәрселерді жазып, сол жақсылықтарды орындауға тырысса, денсаулығы оңалып, жүйкесі қалпына келеді.

Мөлдір Баймұханбетова, психолог:
– Жалпы психикалық аурулар шартты түрде екіге бөлінеді: невроз және психоз. Невроз (депрессия, стресс, дистимия, т.б) кез-келген адамда кездесуі мүмкін. Жақын адамнан айрылу, нашар бастық, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, ауыр жұмыс, ақшаның жетіспеушілігі үрей тудырып, ауруға ұшыратады. Ал, психоз тұқым қуалау немесе аварияға ұшырап, бастан жарақат алу барысында, не инфекция әсер еткен соң туындайды. Невроз һәм психоз ауруы Кеңес заманында Қазақстанда бір пайыз болса, қазір Республикалық психиа-трия, психотерапия және наркология республикалық ғылыми-практикалық орталығының мәліметі бойынша 30 пайызға жуығын құрап отыр. Бірақ, адамдар депрессияны ауру ретінде емес, жай ғана құбылыс ретінде қарап, оған мән бермейді. Сөйтіп, дәрігерге қаралуды жөн санамайды. Біле білсеңіз, емдемесе депрессияның соңы өз-өзіне қол жұмсаумен аяқталуы мүмкін. Дұрыс тамақтана білейік!

Мамандар депрессия кезінде дұрыс тамақтанудың да рөлі зор екенін жасырмайды. Айтуларынша, соңғы зерттеулерге сәйкес, Скандинавия және Азия елдерінің тұрғындары арасында депрессияға шалдығатындар аз. Оның себебі – ас мәзірінде. Жоғарыда аты аталған елдердің ас мәзірін зерттеген дәрігерлер, аталмыш аурудың алдын алу үшін депрессияға шалдыққандар мен сау адамдардың ас мәзіріне:

1. Көмірсуға (серотониннің бөлінуін жақсартып, көңіл-күйдің көтерілуіне себепші болады);
2. Ақуызға (тауық, үндік, балық етімен қатар сүт өнімдерін пайдалану абыржуды басып, белсенділікті арттырады);
3. В дәруменіне (в2, в6 дәрумендері мен фолий қышқылы депрессияның алдын алуға көмекеседі)
4. Амоноқышқылға (серотониннің бөлінуін қамтамасыз етеді) бай тағамдарды қосуға кеңес береді

Жігіттер білуі тиіс 50 ереже

Жігіттердің өмірінде қылмыстық кодекс пен жол жүру ережелерінен өзге рұқсат етілген және мүлдем тыйым салынған ережелер бар. Олардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз:

1. Мейрамханаға барар кезде жұрт мақтағанына емес, аспаздардың өздері таңдаған асханаға барыңыз. Сол жерден дәмді тамақтанатыныңыз анық.
2. Әуежайда рейске кешіккен болсаңыз, кешігушілерге арналған Fast Track-ке барыңыз.
3. Досыңыз немес туған-туысқандарыңыздың бірі полициядан телефон шалып көмек сұраса, қолыңыздан келгеннің барлығын жасауға тиіссіз.
4. Қарсыласыңыздың «белінен төмен», тек өзіңіздің өміріңізге қауіп төнген жағдайда ғана соққы бере аласыз.
5. Досыңыздың немесе оның қызының кез келген сұрағына «Мен білмеймін» деп жауап беруге құқығыңыз бар.
6. Балаға орындай алмайтын уәде бермеңіз.
7. Сусынды құйып немесе ішіп болған соң, қақпағын міндетті түрде жабыңыз.
8. Досыңыз түңгі 12-ге дейін көлігіңізді немесе жөндеуге қажет құралдарды сұрап келген болса, оған беруге міндеттісіз.
9. Қызыңыздың құрбыларының жігіттеріне сыйластық танытқаныңыз абзал.
10. Кезек күтіп тұрған болсаңыз, дәл сондай қызметті атқаратын автоматты іздеп көріңіз. Оны таппаған жағдайда ғана кезекке қосылыңыз.
11. Жүк көліктеріне жол беріп тұрыңыз. Оның жүргізушілері сізбен жарыспайды және кешігу қаупі де басқаларға қарағанда жоғары.
12. Пиццаны қатты нан бөлігінен ұстап, қолмен жеген дұрыс.
13. Сіздің әлсіз немесе мас болып тұрған досыңызды төбелеске шақырса, сіз оның жақтасы болуыңыз керек. Бірақ жанжалды өзі шығарса, оны қорғауға міндетті емессіз.
14. Сатушы, даяшы сынды қызметкерлермен еш уақытта сөз таластырмаңыз. Қиындық туса, бірден басшыларын шақырыңыз.
15. Қыздарға қалжыңдап сөз салуға болмайды. Олар сезімтал болғандықтан, сізге алданып қалуы мүмкін.
16. Қайықта отырған кезде ескекті қолды бүгіп есудің қажеті жоқ. Оны қолыңыз бен арқаңызды тік ұстап отырып жасаңыз.
17. Жүргізушілердің алтын ережесі: «Ақымаққа жол береміз»
18. Акула шабуыл жасаған жағдайда, иіс сезбеу үшін тұмсығынан ұруға тырысыңыз.
19. Досыңыздың байқаусызда өзгенің құпиясын айтайын деп жатқанын сезіп қалсаңыз, бірден тоқтатыңыз.
20. Қыз баласы өз қателіктерін сізге айтуға міндетті емес. Одан мұны талап етуге де құқыңыз жоқ.
21. Досыңыздың қызы – сізге жар болмайды!
22. Телефонмен сөйлесіп тұрған кезде байланыс үзілсе, ең бірінші хабарласқан адам қайта телефон шалады.
23. Біреуден уақытша сұрап алған затты байқаусызда сындырып алсаңыз, оны жөндеуге немесе жаңасын сатып алып беруге тиістісіз.
24. Сайлауға міндетті түрде ат салысыңыз.
25. Біреудің қоңырауына жауап бермеген болсаңыз, міндетті түрде артынша телефон шалыңыз.
26. Тамаққа қосымша тұз қосудың қажеті жоқ.
27. Сіз затты қоқысқа тастай аласыз, егер:
- ол затты дәл қазір пайдалана алмасаңыз;
- оны 1 жыл көлемінде пайдаланбаған болсаңыз;
- дәл сондай қызметті атқаратын басқа затыңыз болса.
28. Таксиде үнемі артқы орындыққа отырыңыз.
29. Жаттыққан кезде футболкаңыздың етегін міндетті түрде шортыңызға салыңыз. Сол кезде ішіңіз ашылмайды.
30. Кез келген жұмыс үшін көп ақша талап етіңіз.
31. Біреуден адасып қалсаңыз, ең алғаш кездескен жерден іздеңіз.
32. Мейрамханада шоттың ақшасын ортақ талқыға салмаңыз. Әсіресе, өзіңіз шақырған болсаңыз.
33. Жігіттердің дәретханада тұрып немесе шығып келе жатып бір-бірімен қол алыспағаны дұрыс.
34. Жапон мейрамханасында отырсаңыз, васабидің өзі ерігенін күтіңіз. Ал сушиді соусқа қырымен салыңыз.
35. Ерлі-зайыптылардың ұрысына еш уақытта араласпаңыз.
36. Сол жақ бағытта оңға қарай бұрылған дөңгелектермен тұруға болмайды.
37. Оқталмаған қарумен де адамды көздеуге болмайды.
38. Костюм киген жағдайда, белдігіңіз бен аяқ киіміңіздің түсі бірдей болсын.
39. Мемлекеттік қызметкерлердің сұрағына шын жауап беріңіз. Әсіресе, «Сіз өзіңізбен бірге бомба алып бара жатырсыз ба?» деген сұраққа.
40. Дымқыл шашыңызды тарау үшін тарақты жуыңыз.
41. Жасанды киімдерді кимеңіз.
42. Мейрамханада тамақ ішкен кезде ең шеткі қасықтардан бастаңыз.
43. Досыңыз өзінде жақсы көрсеткіштер бар болғаны үшін сізге көмектесуге міндетті емес.
44. Ұсынған дәмнің жаман жақтарын айтып баға берудің қажеті жоқ.
45. Досыңыз қызының қасында тұрған кезде «Қашан үйленесің?» деген сұрақ қоймаңыз.
46. Өзіңізге ит жүгірген кезде, жерден тас алып жатқандай түр жасаңыз.
47. Жігіттер баспалдақта қыз баласынан бір саты төмен жүруі керек.
48. Екі жігіт бір қолшатырдың астында жүре алмайды.
49. Кез келген адамға «Сен қайдасың?» деп хабарласпас бұрын, 5 минут уақыт беріңіз.
50. Төмендегі 3 жағдайда қыз жолының жіңішке екендігін ескермесеңіз болады.
- лифті ішінде;
- көліктің артқы орындығында отырған кезде;
- бейтаныс жерде.

Адам болам десеңіз: 15 кеңес

Адам болып туылғанмен, адам болып өмір сүру қиынның қиыны. Қытай жазушысы И. Миннің естеліктерінен алынған үзіндіні сіздерге ұсынып отырмын.

  • Бастықтың қарсыласы болғаннан, қолғанаты болған абзал.
  • Аз-кем зиян тартудан қорықпа. Ол байлықтың бастамасы шығар.
  • Досыңнан айырылмайын десең, қарыз берме.
  • Басыңа күн туғанда қасыңнан табылған адам ғана шын досың.
  • Қашан да шүкіршілік етуді ұмытпа.
  • "Басқалардың орнында мен болсам, қайтер едім?" дегенді үнемі ойлап көр.
  • Ашулансаң, ештеңе де тындыра алмайсың.
  • Жаныңдағыларға мейірім бағыштай біл.
  • Мейлі билікті болсын, білікті болсын, тіптен, қайыршы болса да, құрметің бірдей болсын.
  • Алға басқан қадамыңды артта қалған күніңмен өлшеме. Өткен кешірмеңе сын көзбен қарай біл.
  • Отбасыңа сәт сайын сүйіспеншілігіңді арнай біл.
  • Жұмыста көп істе, аз сөйле. Әсіресе бастығың жайлы айтар кезде абай бол.
  • Әрбір жан иесін аялай біл.
  • Өмірде қадір тұтқан адамыңды мәңгі ұмытпа.
  • Ешкім саған қарыздар емес. Сол үшін де елдің бәріне ренжи берме.
Icon | Feedback