Шығармашылық жұмыстар

«Alageum Electric»

Ел мақтанышына ие ,
Кентау трансформатор заводы.
Жүз жыл жасап өркендеп,
Гүлдей жайнап тұрады.
«Alageum Electric»-
Компаниясы дегенде
Сымдарменен қосылып,
Жүректер соғып тұрады.
Бүгінгі күн жастарын,
Шақырып тұр, ұрандап.
Зауыты бар Кентаудың
Әр таңына, нұр сыйлап.
Рухани жаңғырған елім,
Әрқашан өзің барда мен-тірімін.
Үмітімді үзбей таңға жалғасам,
Өмір өзен аққан су ғой сарқылмас.

9-сынып оқушысы
Маматханов Мухаммадали

Елін сүйген Елбасы

Жылдар зулап, жеттік талай жетістікке,
Қазағымның жігіттері бойын тікте.
Қазақ елім дами бер, нұрлана бер,
Мәртебең асқақтасын сенің көкте.

Ей, менің байтақ өлкем- Қазақстан,
Сен жайлы қанша ақын жазды дастан.
Арманда кетті талай, алаш арыстары,
Тәуелсіздік сағаты бір соғылмастан.

Міне, бүгін қазағымның кезі келді,
Бізге талай жақсылықтар кезігеді.
Сенің жеткен жетістігің көре алмай,
Дұшпандарың әлі талай езіледі.

Қыдыр атам берсе бізге қанша ырыс,
Нұрағамның айтқан сөзі бәрі дұрыс.
Жүрегі кең қазағымның даласындан,
Қара болсын, сары болсын, бәрі туыс.

Таулары бар көк аспанмен таласқан,
Кең даласын сары алтын дән басқан.
Жәнібек пен Керей аталарым салған жол
Тәуелсіздік таңыменен жалғасқан.

Нұрағам бастап жатыр істер үлкен,
Дамысын деп қазағым, туған өлкем.
Ехро ны ұттық, Астана көркеюде,
Туған елім, асқақтасын мәртебең!

Нұрына шуақтанып алтын күннің,
Болашаққа сен мені талпындырдың.
Шексіз алғыс айтамын, бұл күніме,
Қазағымның даласында шалқып жүрмін.

11-сынып оқушысы
Мамадалиева Элгизаи

Ел қорғаған Махамбет

Халқы үшін біртуар,
Батыр ұлы, Махамбет.
Исатаймен бірігіп,
Ел қорғаған, Махамбет.

Намысты қолдан бермес,
Қос шалқары - елінің.
Исатаймен бірігіп,
Жауға шапқан , Махамбет.

Бәрін айтта, бірін айт,
Батыр болған, Махамбет.
Батырлықпен қоса ол,
Ақын болған, Махамбет.
Өлең, толғауын жазып,
Жырлап жүрген, Махамбет.

Байқаулар да кең бір майдан
Бұл майданда жеңілсем,
Келесі бір армандарға,
Шыңдайтұғын, Махамбет.

Ақындық пен батырлықтан жаралған,
Жайсаң батыр, Махамбет.
Рухың мәңгі өршеленіп санамызда,
Жаңғырады, Махамбет.

Дәл өзіңдей лаулап жанған
Жалын бар ма Махамбет?!
Саған деген өлеңдерім,
Жүрегімнен жарып шықты Махамбет

9-сынып оқушысы
Маматханов Мухаммадали

Мұқағали атама арнау

Махаббаттың падишахы атанғансың,
Саған ешбір ақындар айталмас сын.
Алашымның ұрпағына мұра тастап,
Өлеңдерің бар қазақ жат алар шын.

Әрбір қазақ баласы құрметтеген,
Қазағымның жүрегін кірлетпеген.
Сол күнді тәңірім нәсіп қылса,
Жолыңды мен жалғастырам құрметпенен.

Өлеңдері тұрады махаббат пен сағыныштан,
Бәлкім мен болғам шығар жаңылысқан.
Мұқағали атамды мен теңер едім,
Пірі деп, бұл махаббаттың алып ұшқан.

Өлеңіңде мән жатыр болып терең,
Өлеңдерің оқысам күйер денем.
Әлі еш бір ақындар сен сияқты,
Өмірден шын сүюді үйренбеген.

Барлық сөздер, мақтаулар саған татыр,
Өлеңіңде мән жатыр, ұғым жатыр.
Өлеңдерің оқып өскен қазақ ұрпақ,
Есейеді елін сүйгіш,болып батыр. Мен үшін ақындардың ақынысың,
Жаралғандайсың сірә, елім үшін.
Алашыма өшпейтін мұра тастап,
Адалдыққа арнадың ақын күшін.

11-сынып оқушысы
Мамадалиева Элгизаи

Азаттықты аңсаған Махамбет

Махамбет батыр тұсында,
Рухымыз асқақ ел еді.
Қазақ үшін атқа қонған,
Көп батырдың бірі еді.

Батырымыз батыста,
Нарынқұмда өскенді.
Жақсылық пен әділдік,
Жақтасы болып кеткенді.

Ұлы батыр бабамыз,
...Еділ үшін егіскен.
Тептер үшін тебісіп.
Жайық үшін жандасқан.

Қиын қыстау заманда,
Қиғаш үшін қырылып,
Махамбеттің өмірі,
Қиындыққа бір толған.

Талай қиындық оған,
Тас тигендей болмаған,
Мойымаған тынбаған,
Қайсарлығы халқына,

Жақсы жағынан дарыған.
Халқына деген сезімі,
Тек жеңіске шарлаған.
Қиындыққа берілмей,

Жауына қарсы күресіп.
Өз әскерлеріне
Қажымас қайрат берген.
Сол қайраты әскерге,

Жалынды жігер берген.
Махамбетке қосылып,
Жауына қарсы кеткен.
Махамбет шын мәнінде,

Ақын кісі болатын.
Ақындығы халқына,
Өте жақын болатын.
Өлең жырлары оның,

Жүрегінен шығатын,
Шындықты айтып баяндап,
Халыққа жария қылатын.
Бұл ғажайып өнері,

Халықты аң таң қылатын.
Барлығы тыңдап назар сап,
Тыныштық сақтап тұратын.
Бұл батырдың өлеңі,

Ешқашан да өлмейді.
Әрқашан өлеңдері,
Жүрегімді тербейді.
Көпті білген бұл батыр,

Халқына адал болған.
Бабалар батасымен,
Білікті батыр болған.
Батырлығы жауына,

Жарқырайтын жан болған.
Сондықтан барлық жерден,
Жеңістермен оралған.
Серігі оның Исатай,

Арыстандай ер еді.
Исатай - басшы, ол - қосшы.
Әскерге жігер еді.
Ереуіл атқа ер салмай,

Жауға бірден шабатын.
Бұл батырлардың бірлігі,
Басқаға ұқсамайтын.
Исатай деген ағам бар,

Деп Махамбет жар салған.
Исатайға арналған,
Өлең жыры көп болған.
Исатаймен бірігіп,

Талайларды тайдырған.
Екеуі бір - біріне
Бауырдай жақын болған.
Оларға бүкіл халық,

Қызыға қарап жүрген.
Барлық кезде оларға,
Құрметпен орын берген.
Жауға шабар кезінде,

Бірігіп жігер берген.
Құрыш болат тұяқпен,
Арғымағын сай берген.
Бұл батырдың барына,

Халқымыз шүкір еткен.
Аллаға мың тәубе қып,
Тыныштық өмір сүрген.
Қазақ халқы әр кезде,

Батыр халық болады.
Екі батыр аруағы,
Куә болып тұрады.

9-сынып оқушысы
Маматханов Мухаммадали

Мұқағалиге арнау

Жүрегінен жырлаған үш бақытын,
Жыр ғып асыл сөзін, жақұтын.
Өмір өзен зырғып өте шықты ғой
Бір Алланың өлшеп берген уақыты.

Мұқағали зор жұлдыз ғой сөнбейтін
Әрбір сөзі жүрегімді тербейтін
Мқөағали өте шыққан сырлы күш
Жырларымен көңіліңді тербейтін.

Өлеңдері жанға жылу береді
Миыңа тез сіңісіп те кетеді
Өлеңдерін оқи бергім келеді
Уақыт тапшы әтткң бірақ жетпейді.

9-сынып оқушысы
Маматханов Мухаммадали

Туған жер

О,туған жер қуанышқа енемін
Асыл арман тағы сүріп келемін.
Көзге ерекше түстің ғой басқадан,
Қайда жүрсем қадіріңді білемін.

Саған арнап алып келген жырым бар,
Саған арнап алып келген гүлім бар.
Туған жердің ашық айшық аспаны
Ашық болып,ғашық болып тұрады.

О,туған жер Түркістаным тұрағым.
Сенен басқа еш жерде де тұрмадым,
Түркістаным таңдаулысың әлемде,
Саған ғана журегім жүз соғатын.

О, туған жер құшағыңа енемін,
Сені ғана жырлап өмір сүремін.
Қайда жүрсем қадіріңді білемін,
Алыс кетсем жүрегіммен сеземін.

9-сынып оқушысы
Маматханов Мухаммадали

Ұлы Қазақстан

Қазақстан елім менің
Алтын күнің өшпесін.
Саған алғыс айтқандар
Шексіз нұрға бөленсін.

Алғыс айтып, келіп тұрмын,
Тек өзіңе бүгін мен
Құшағыңнан орын беріп
Мәпелепсің мені сен.

Мәңгілік ел атаныпсың.
Қазақстан ұлысың.
Бір өзіңе алғыс айтар
Жүрегімнің нұрысың.

Адалдықпен, ақ ниетпен
Құшағыңда барша ұлт
Саған шексіз және шетсіз
Алғыс айтар бүгін жұрт.

Қазақстан рухани
Жаңғыруың өрлейді
Жаңғырған қазақ елі
Жүрегімді тербійді.

Алғыс айтар бұл күнде
Қуаныш, шаттық болсын
Құшағыңда барша ел
Шаттықпен өмір сүрсін.

9-сынып оқушысы
Маматханов Мухаммадали

Шыпаным шырылдаған бала едім

Шыпaным шырылдаған бала едім.
Шыпанда туып өскен дана едім.
Есейіп он бес жасқа келдім міне.
Шыпан деген жерде туып өстім міне.

Шыпаным шырайыңнан айналайын.
Көзім тоймас бір өзіңе қарағанда.
Шыпаным шырайлы мектебің бар.
Сол мектепте білімде бар ілім де бар.

Осындай әсем жерде өскеніме.
Мың тәубе бір Аллаға алғысым бар.
Көркейе бер гүлдене бер Ауылым ай.

9-сынып оқушысы
Маматханов Мухаммадали
Icon | Feedback