Даңқ залы

Ауған соғысының ардагерлері

Маккамбаев Абдумуталиб Бабахонұлы

Маккамбаев Абдумуталиб Бабахонұлы 1963 жылы 19 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Ұлты - өзбек, білімі - орта. Әкесі Бабахон мен шешесі Рахбардың тұңғыш перзенті. Әскерге дейін Өзбекстанның Темір каласының көпір құру басқармасында бетоншы болып қызмет атқарған. Әскерден келген соң, ТРМЗ зауытында фрезеровшик, 1992 жылдан бастап Югнакий шаруашылығында диқаншылықпен айналысады. 1981-1982 жылдары Ауғанның Газни провинциясында орналасқан мотоатқыштар полкі минамет батареясында нұскқаушы болады. - Әскери міндетім Кабул-Газни бағытындағы жолды бақылау, минадан тазалау және колоннаны күтіп алып, шығарып салу, дұшпандардың шабуылынан қорғау. Сондай-ақ Газни провинциясы мен операцияда жүрген жауынгерлерге оқ-дәрі, азық-түлік, ұрыс техникаларын жеткізу, дұшпандардан қоргғау болатын. Ақпан айының соңғы күндері болатын. Кабул-Газни бағытымен келе жатқан үлкен колоннаны күтіп отырғанбыз. Кенет, бізге «Дұшпандар өткел қиылыстағы жолға мина қойып жатыр» деген хабар келді. Аса сақтықпен қозғала отырып, өткелге жақын келдік. Оншақты содыр мина қойып жатыр екен. Қолайлы орынға жайғасып, оқ аттық. Соғыс бір сағаттай уақытқа созылды. Шығын екі жақтан да болды. Бүлікшілердің аман қалғанын қолга түсіріп, жолды минадан тазаладық. Бізден жаяу әскер құрамындағы тәжік жігіті мерт болды. Азық-түлік және оқ-дәрі жаңа техника алып келе жатқан колоннаны полкке аман жеткіздік. Операцияны сәтті аяқтағанымыз үшін 191 мотоатқыштар полкінің командирі алғыс жариялады. Жалпы, Ауған жерінде болған бір жылда оннан астам әскери жорықтарда болдым. «70 лет ВС СССР », «От благодарного Афганского народа» тағы басқа мерекелік медальдармен марапатталдым. Бүгінгі таңда жұбайы Камила екеуі бір қыз, екі үл тәрбиелеп отыр. Жеке кәсіпкер.

Қадиров Пахир Ғуламұлы

Қадиров Пахир Ғуламұлы 1963 жылы 1 маусымда Түркістан қаласы Коммуна ұжымшарында туылған. Ұлты - өзбек, білімі -орта. Әкесі Ғулам мен анасы Ховон 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеген. Әскерге дейін Коммуна ұжымшарында тракторист қызметін атқарған. Әскерден келгеннен кейін, мақта егістігінде механизатор болып қызмет атқарған. 1992 жылдан бастап Югнаки ауыл шаруашылығында диқаншылықпен айналысады. 1982-1983 жылдары Ауғанда жаяу әскер полкінің байланысшысы болған. - Байланысшылардың міндеті жауапты болатын. Соғыста болған жағдайды полкке, полктегі хабарды майдан даласына нақпа-нақ жеткізіп тұру. Қателессең немесе шамалы уақыт кешіксең болғаны көп адамның өміріне жауап бересің, болмаса, өліміне себепші боласың. Сондықтан қателесуге де, кешігуге де болмайтын аса маңызды әрі жауапты жұмыс. Осындай жауапты сәттің бірі еді. Бізден күші басым дұшпандар шабуылдап, қоршауға алуға ұмтылды. Нысаналары дәл тиеді. Соған қарағанда, олардың байланысшылары біздің орналасқан жерімізді алдын-ала барлап, содырларға нақты хабарлап қойған-ау. Аман қалудың бір жолы косымша көмек келгенше тасаларды пайдалана жүріп, орын ауыстыру. Орын ауыстыра отырып, полкке жаңа орнымыздың ендіктерін хабарлау. Бұл - біздің міндет. Ол міндетті шұғыл, нақты әрі дұшпандардың байланысшылары ұстай алмайтындай толқында хабарлау керек. Орын ауыстыру барысында қасымдағы жолдасым қаза тапты. Мен полкке хабар бердім. Алыстан атылған оқтар мен берген нысаналарға дәл тиіп жатты. Дұшпандар тым-тырақай қаша бастады. Тікұшақпен көмекке келген жауынгерлер бізді қоршаудан алып шықты. Жаралылар мен қайтыс болғандарды түгел жинап, тікүұшақпен полкке жеткіздік. Нысананы нақты анықтап, хабарды уақтылы жеткізе білгендігім үшін полк командирінің алғысын алдым. Жалпы Ауған жерінде 60-тан астам әскери жорықтарда болдым. «70 лет ВС СССР», «От благодарного Афганского народа» тағы басқа мерекелік медальдармен марапатталдым. Бүгінгі таңда жұбайы Ядгор екеуі 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр. Жеке кәсіпкер.

Утешов Қурбанали Орынбайүлы

Утешов Қурбанали Орынбайұлы 1968 жылы 19 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Жүйнек ауылында туылған. Ұлты - өзбек, білімі - орта. Мектепті бітірген соң, Түркістан қаласындағы ДОСААФ-та оқып, жүргізуші мамандығын алады. Әкесі Орынбай мен анасы Мукарам алты қыз, үш ұл тәрбиелеген, Қурбанали -алтыншысы. — 1986-1988 жылдары Ауғанның Гардез қаласындағы әуеден шабуылдау (десант-штурмовая) бригадасының материалдық жабдықтау ротасының (РМО) жүргізушісі болады. - 1986 жылдың тамыз айында Гардез қаласына тікұшақпен барып түстік. 15 күн дайындықтан соң маған жанар-жағар май таситын урал машинасын тапсырды. Армиялық соғыс қимылына жүк тасыдым. Екі жылдың ішінде естен шықпас оқиғалар көп болды, соның бірі: 1987 жылдың сәуірі болатын. Жалалабад қаласына жүк апара жатқанбыз. Кабулға 80 шақырымдай қалған. Алдымызда жолдың екі шетіне орналасқан Мукамедка дейтін үлкен ауыл бар. Бұл жерді біз «қарғыс атқан жер» деп атайтынбыз. Себебі, осы жерден өткен сайын колоннамыз атқыланатын, тоқтап қалған кезіміз көп болатын, талай қаруластардан айрылғанбыз. Ең тынышсыз, халықтары да бұзык келетін аймақ. Кенет, алдыңғы жақтан атылған оқ пен жарылған минаның дауысы естіліп, колонна тоқтады. Барлығымыз машинадан түсіп, қорғанысқа көштік, қарсы шабуылға шықтық. Алдындағы машинаның жүргізушісі қатты жарақаттанды, машинадан шығарып, тасалау жерге жайғастырдым. Осы кезде «Ана машинаны колоннадан алып шық» деген офицердің бұйрығын есіттім. Артыма қарасам, машинаның бензин құйылған багын ок тесіп, жолга бензин ағып жатыр екен. Ол менің машинам болатын. Егер де машинаны колоннаның арасынан алып шықпасам, 5,5 тонна бензин атылып, бүкіл колоннаның жолын жауып қалады, алдыңғы машиналарға да от тиіп, бүкіл колоннаның жолы бекітіледі. Осы кауіпті ойдан шошып кеттім де, дұшпанның атқылап жатқанына қарамай машинаға жүгірдім. Колоннаның ішінен алып шығып, жарқабақка қарай бағыттап, секіріп түстім. Ауыр қозғалған машина еңіске қарай жылдам түсіп, шайқатылып барды да, «гүрс» ете қалды. Артынша қою қара түтін мен қып-қызыл алау аспанға шарпыды. Осы күнгі іс-әрекетім үшін «За отличие в воинской службе» медаліне ұсынды. Екі жылдың ішінде жиырмадан астам әскери қимылдар мен жорықтарға -қатыстым. «70 лет ВС СССР», «От благодарного Афганского народа» тағы да басқа мерекелік медальдармен марапатталдым. Жұбайым Рахбар екеуіміз бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отырмыз. Ауыл шаруашылығымен айналысамын.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері

Усман Исаев

1920 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, соғысқа Смоленскке кірген. Украйна майданында жаумен шайқаста бірнеше ерліктер жасаған. Ұлы Отан соғысы орденімен, Жуков медалымен марапатталған. Жеңістен кейін ауылда алғаш механизатор, кейін инженер болып жұмыс істеді. Педагогтік қызметпен де айналысты. 6 қыз, 4 ұл тәрбиелеп, ұядан ұшырды. 2012 ж дүниеден өткен.

Маннапов Хабибулла

1920 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, соғысқа Смоленскке кірген. Украйна майданында жаумен шайқаста бірнеше ерліктер жасаған. Ұлы Отан соғысы орденімен, Жуков медалымен марапатталған. Жеңістен кейін ауылда алғаш механизатор, кейін инженер болып жұмыс істеді. Педагогтік қызметпен де айналысты. 6 қыз, 4 ұл тәрбиелеп, ұядан ұшырды. 2012 ж дүниеден өткен.

Қудан Арзиметов

1918 жылы 9 май күні «Жүйнек» ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы ауылда өтеді. Ол мектепті бітірген соң колхозда жұмыс істейді. 1941 жылы елімізді неміс-фашистерден азат етуге соғысқа аттанды. Соғыста жауынгерлік тапсырмаларды орындағаны үшін бір-неше рет медальдармен марапатталған. Соғыста жаумен шайқасып жүріп, Соадат есімді медбике қызбен танысады. Екі жас бірін-бірі ұнатады. 1945 жылы майданнан ауылға жеңіспен оралып, Соадат апаймен тұрмыс құрды. Ауылға келген соң колхозда жұмыс істеді. Жеңістің мерекелік тойларында да медальдармен марапаттал-ған. 3 ұл, 4 қызы бар. 1990 жылы 3 тамызда дүниеден өткен.

Эганберди Атаев

1920 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. Соғысқа алғашқы күндерден қатысқан. Ленинград, Украина, Киев майданында соғыста болған Жеңіспен елге оралған соң ауылда «Шыпан» мектебінде математика пәнінен сабақ берген. Зайыбы Манзура екеуі 7 ұл, 2 қызды өсіріп ұядан ұшырды.

Абдусамад Исмаилов

1914 жылы дүниеге келген. 1939 жылы әскерге аттанған. 1946 жылы Жапон соғысына қатысқан. Соғыс кезінде Челя-бинский қаласында «Рабочий батальонда» қызмет еткен. Ол жерде 3 жыл науқас болып емханада емделген III топтағы мүгедек болып үйіне оралған. 1981 жылы 9 қаңтарда дүниеден өткен.

Бабаш Есжанов

1906 жылы «Жүйнек» ауылында туылған. Ұлы Отан соғысы басталғанда әскерге аттанып, Жеңісті Германияда қарсы алған. Украина, Белоруссия майдандарында соғысқан. Ұлы Отан соғысы орденімен, Жуков және Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Бейбіт өмірде ауылда ферма меңгерушісі, гидротехник болып жұмыс істеген. 5 ұлы, 3 қызы бар. 2000 жылы 29 мамырда дүниеден өткен.

Абдукарим Бабатаев

1908 жылы «Жүйнек» ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Жастық шағында көптеген қиыншылықты басынан өткізген. 1929 жылы алғаш рет «Байналмилал» колхозына жұмысшы қатарына қабылданған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған. Ленинград түбіндегі шайқаста болған. 1945 жылы жеңіске жетіп ауылға оралды. Соғыстан кейін колхозда еңбек етті. Жеңістің мерекелік тойларында да медальдар-мен марапатталған. 3 ұл, 3 қызды тәрбиелеп өсірген. 1989 жылы дүниеден өткен.

Насрулло Юлдашев

1905 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. Жастық шағында көп қиыншылықты басынан өткізген. 1942 жылы соғысқа аттанды. Сталинград түбіндегі шайқаста жараланып пленге түседі. 1945 жыл-дарға дейін Германияның концлагерін-де болды. 1947 жылы өз Отанына қайта оралды. Осы жылдары оның «төл-құжаттары» жоқтығынан соттал-ды. 1949 жылы ақталып шықты. Отбасында 4 қыз, 1 ұл тәрбиеле-ген, соғысқа дейін колхозда мақта бригадирі болып жұмыс істеген, одан кейін мектепте қарауыл болған. 1968 жылы зейнеткерлікке шыққан 1990 жылы дүниеден өткен.

Нуриддин Исаметов

Түркістан ауданына қарасты «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Әскер қатарына қабылданып 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысты. Соғыс кезінде Челябинский қамалында жұмысшы батальонында қызмет атқарған. Сол жерде 3 жыл науқас болып госпиталда емделген. Емделіп болғаннан соң өзі туып өскен жеріне оралған. 4 перзентті тәрбиелеп өсірген. 1971 жылы 9 қаңтарда дүниеден өткен.

Абан Досмаилов

1907 жылы «Жүйнек» ауылына қарасты Байналминал колхозында дүниеге келген. 1943 жылы Отанды неміс фашистерінен қорғау үшін соғысқа аттанды. 1944 Сталинград қаласын жаудан азат етуде берілген тапсырмаларды өз уақытында орындағаны үшін бірнеше медальдармен марапатталған. 1945 жылы туып өскен ауылы Жүйнекке қайта оралған. Жеңістің мерейлі тойларында, В.И. Лениннің 100 жылдық тойында да медальдармен марапат-талған. 6 перзент тәрбиелеп өсірген. 1989 жылы 13-сәуірде дүниеден өткен.

Нарзулло Рахматуллаев

1904 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. «Жүйнек» ауыл әкімшілігіне қарасты «Шыпан» бөлімшесінде жұмысшы болып істеген. Киров каналын қазуда үлгілі қызметі үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған. Сталинград түбіндегі шайқаста қаза болған.

Хошим Абдувахопов

1914 жылы «Жүйнек» ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1936 жылы комсомол жолдамасы бойынша Ақтөбедегі қыш заводына жұмысқа барды. 1937 жылы өзінің ауылына оралды. 1941 жылы қазан айында Ұлы Отан соғысында Украина, Белорусия соғыстарына қатысқан. 1944 жылы қыркүйек айында жарақаттанып ауылға қайтты. Ол ауылда мақта бригадирі болып жұмыс істеді. Ұлы жеңістің мерейтойларында бірнеше медаль және мақтау қағаздарымен марапатталған. Ол жұмыс істеген ұжымының және достарының арасында парасаттылығымен үлгілі адам болған. 1998 жылы 24 қаңтарда дүниеден өтті.

Бабатаев Искандар

1910 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген . Соғыс басталысымен әскерге шақырылып, Отан қорғауға аттанған. Москва, Ленинград соғыстарында ерліктер көрсеткен. 1945 жылы өзінің туып өскен ауылы Жүйнекке жеңіспен оралған. 4 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірген. 1998 жылы 24 тамызда дүниеден өткен.

Мирсат Исмаилов

1919 жылы 11 мамырда Түркістан ауданына қарасты «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына өз еркімен сұранып аттанған. Берлинде және басқа жерлерде болып 1945 жылы қайтып оралған. Соғыс уақытында көптеген ордендермен марапаттал- ған. Ауылға келгеннен кейін жұмысқа белсене араласқаны үшін Қызыл жұлдызша орденіне ие болған. 3 ұл, 5 қызды тәрбиелеп өсірген. 1989 жылы дүниеден өткен.

Туймат Кенжаев

1914 жылы 9 қаңтарда «Шыпан» ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1941 жылы Украйна, Ленинград соғыстарында жаумен шайқасқан. 1944 жылы жарақаттанып Ленинград госпиталынан үйіне II топтағы мүгедек болып қайтқан. Соғыстан соң колхозда мақта бригадирі болып, жұмыс істеді. 1970 жылы зейнетке шықты. 1998 жылы 18 қыркүйекте ұзақ мерзімдегі аурудан көз жұмған. 5 қыз, 5 ұл тәрбиелеп ұядан ұшырған.

Исман Ибрагимов

1914 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. 1945 жылы соғыстан жеңіспен оралды. 1946 жылы 10 қыркүйекте «За добросовестный труд в Великой Отечественный войны», 1975 жылы 13 ақпанда «Ветеран труда», 1985 жылы 11 наурызда «Отечественной войны» медалымен марапатталған. Бейбіт өмірде колхозшы болып еңбек еткен. 5 қыз, 1 ұлды тәрбиелеп өсірген. 1995 жылы 25 қаңтарда бейбіт өмірде көз жұмған.

Сафидулла Ахмедов

1924 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Отан Соғысына кеткен, 1-Украйна фронтында снайперлік бөлімінде болып жаумен соғысқан. 1945 жылы өзінің туып өскен ауылы Жүйнекке жеңіспен оралған. Соғыста ерлігі үшін медальмен марапатталған, одан басқа жеңістің мерекелік тойларында да медальдар-мен марапатталған. 4 ұл, 3 қызды ұядан ұшырған. 1998 жылы дүниеден өткен.

Турахон Нуриддинов

1915 жылы "Жүйнек" ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1939 жылы Отан алдындағы борышын өтеуге әскер қатарына қабылданған. 1941 жылы Ұлы Отан Соғысына қатысып, елге оралмаған.

Тажихан Бабатаев

1914 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. Соғыс басталысымен әскерге шақырылып, Отан қорғауға аттанған. Жамбыл Жабаев жырлаған Ленин-градтық өрендер қатарында жаумен шайқасқан. Украина майданында ерліктер көрсеткен. «Ұлы Отан соғысы» орденімен, Жуков және Жеңістің мерекелік тойларында медальдарымен марапат-талған. Бейбіт өмірде колхозшы болып еңбекке араласып, іскерлігі арқасында ферма бастығы, мақта бригадирі, күзет бастығы қызметтерін абыроймен атқарған. 4 ұл , 4 қыз тәрбиелеп өсірген.

Муталиб Маннапов

1917 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. Соғысқа алғашқы күндерден қатысқан. Украйна, Белоруссия майдандарында жорық жолдарынан өткен. Жауынгерлік ерліктері үшін «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған. Жеңіспен елге оралған соң ауылда селолық кеңестің хатшысы, колхозда ферма бастығы қызметтерін атқарған. Зайыбы Сабира екеуі 4 ұл, 3 қызды өсіріп, ұядан ұшырды.

Омар Ибрагимов

1922 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. 19 жасында әскер қатарына шақырылып, жаумен шайқасты Украйна майданында бастаған. Жеңісті Германияда тойлаған. «Ұлы Отан соғысы» орденімен, Германияны жеңіп, Кенигсбергті алғаны үшін медальдармен марапатталған. Еңбек жолын колхозшы болудан бастап, зейнет жасына жеткенше еңбектен қол үзген жоқ. 3 ұлы, 1 қызы бар. 2003 жылы 13 қыркүйекте дүниеден өткен.

Якуб Исақов

1922 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Түркістан әскери комиссариатынан соғысқа аттанған. Украйна майданында жаумен шайқаста жасаған ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы орденін омырауына таққан. Ұлы Жеңістің мерекелік тойларында, СССР Қарулы Күштерінің 60 жылдығы медальдарымен марапатталған. Бейбіт өмірде ұзақ жылдар бойы колхозшы болып жұмыс істеген. 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп ұядан ұшырған. 2003 жылы 29 маусым дүниеден өткен.

Сайдали Худайназаров

1905 жылы «Жүйнек» ауылына қарасты «Байналмилал» колхозында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен әскер қатарына шақырылған. Ол Воронеж, Сталинград қалаларында жаумен шайқасқан. 1944 жылы, аяғынан жарақаттанып өзі туып өскен ауылына қайта оралды. Сайдали ата, Ұлы Отан жеңісінің мерекелі тойларында медалдар мен мақтау қағаздары мен және сыйлықтар мен марапатталған. 5 ұл тәрбиелеп ұядан ұшырды. 1984 жылы 18 ақпанда дүниеден өткен.

Icon | Feedback